2023 жылдың басынан бастап 130,4 мың азамат, оның ішінде 36,6 мың жұмыссыз, SKILLS.ENBEK.KZ онлайн кәсіптік оқыту платформасында курстардан өткені туралы сертификат алды. Платформада жалпы 334 мың қазақстандық тіркелді, оның 148 мыңы 2023 жылы тіркелген, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Еңбек министрлігіне сілтеме жасап.
Оқудан өткен 36,6 мың жұмыссыз азаматтың 12,7 мыңға жуығы – негізінен Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласының жастары.
Платформа іске қосылған сәттен бастап авторлар онда әртүрлі бағыт бойынша 235 курс жариялады, оның 177-сі тегін. Курстардың ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.
Ең танымал курстар – "Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения лиц с трудностями в передвижении", "Выращивание лимона в теплицах", "Птицеводство. Выращивание бройлеров", "Motion design", "Профессиональный курс индивидуального помощника для сопровождения незрячих лиц".
Платформада әр түрлі мамандықтар бойынша оның ішінде ақпараттық технологиялар, тұрақтау және тамақтану, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында кәсіби дағдыларды дамыту үшін тегін курстар саны үнемі артып келеді.
Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және "өмір бойы оқыту" тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.
Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруы тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – студент тарапынан курсты бағалау.
Бұл сертификат Электрондық еңбек биржасында (enbek.kz) тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші SKILLS.ENBEK.KZ-те табысты оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.