130 жылдан кейін мемлекет басқаратын әйелдер мен ер адамдар саны теңеседі

933

Қазір 22 елде әйелдер мемлекет немесе үкімет басшысы қызметін атқарып жатыр.

130 жылдан кейін мемлекет басқаратын әйелдер мен ер адамдар саны теңеседі

Мемлекет пен үкімет басшылығындағы әйелдер мен ерлердің саны шамамен 130 жылдан теңеседі. БҰҰ осындай болжамын жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесі басшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари ДиКарло.

Бұған дейін БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш қазір 22 елде әйелдер мемлекет немесе үкімет басшысы қызметін атқарып жатқанын жариялаған еді. Оның мәліметінше, министрлердің тек 21%, депутаттардың 25% әйелдер екен. 
ДиКарло БҰҰ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бойынша үлгі көрсетуі керек екенін айтты. Гутерреш ұйымның арнайы саяси миссияларындағы басшылық лауазымдардың 57%-дан астамына әйелдерді тағайындаған. 

"Біз БҰҰ жетекшілігімен өтіп жатқан бейбіт процестерге әйелдердің қатысуын қолдаймыз", – деді ДиКарло.

Табиғат Нұрболат

Фото: bbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу