1300 ауыл интернетке қосылады

796

1300 ауыл интернетке қосылады

Бұл елді мекендер тізіміне аудан орталықтары, ауылдық округ орталықтары және Қазпошта бөлімшесі бар басқа да ірілі-ұсақты ауылдар кіреді. Басты талап, желі тартылатын мекен мемлекеттік маңызы бар жолдардан 20 шақырымнан алыс орналаспау керек. Қалған ауылдарды интернетпен қамту жобаны жүзеге асырудың екінші  сатысында қолға алынатыны айтылды. Бұл жөнінде  баспасөз жиынында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті.

Оның айтуынша, маңызды күре жолдар мен темір жолдарға жақын орналасқан ауылдар алдымен қамтылатын болады.

Министр "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік жобасының аясында жұмыс жүргізіп жатқанын тілге тиек етт. Жоба осы жылдың мамырында енгіледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, жоба аясына 1300 ауылды оптикалық-талшықты желімен қамтамасыз ету де кіреді. Дәурен Абаев осының арқасында 2 миллионна астам азамат кең жолақты ғаламтор жүйесіне қол жеткізе алатынын атап өтті.

Сондай-ақ, биыл Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" халқаралық көрмесінен кейін босаған нысандардың бірін елбасы IT-стартаптар технопаркін құруға пайдалануды тапсырғаны айтылды. Оған шетелдік инвесторлар мен мамандар тарту жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу