132 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

1965

Қолда бар ақшасын құрылыс материалдары мен арнайы техникаға жұмсаған мердігер енді жұмысшыларға ақы төлей алмай отыр.

132 жұмысшы жалақысын ала алмай жүр

Оралда мұнай өңдеу зауытын салып жатқан жұмысшылар жалақысын ала алмай жүр. Олардың айтуынша, 132 жұмысшы тамыз айынан бері айлық алмапты, деп хабарлайды astanatv.kz.

Қазір мұнай өңдеу зауытының құрылысы тоқтап тұр.

Тапсырыс беруші мен мердігер арасында мұнай өңдеу кешенінің бірінші кезеңін салуға 30 млн доллар көлемінде келісімшарт жасалып, 3,8 миллионы аударылған. Бірақ тендерлік кепілдіктің талабына сай, бұл қаржы құрылыс аяқталған соң ғана төленеді екен. Қолда бар ақшасын құрылыс материалдары мен арнайы техникаға жұмсаған мердігер енді жұмысшыларға ақы төлей алмай отыр.

"Қазір біз өз міндеттемесін толық орындамаған бұл компаниямен келісімшартты бұздық. Өйткені осы даудың бәрі солардың кесірінен болып отыр. Қазір біз оларды сотқа бердік. Шешімі жақын арада шығады деген үміттеміз",– дейді "ABS-МҰНАЙ" ЖШС директорының орынбасары Алексей Савран.

Мердігер мекеменің бас кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. Сондықтан даудың тез шешілуі екіталай. Дегенмен прокуратура мен еңбек инспекциясы бұл істі өз бақылауына алып, аяғына дейін жеткізуге уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу