134 тонна қазақстандық өнім кері қайтарылды

1031

Россельхознадзор қызметкерлері Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ фитосанитарлық талаптарына сай келмейтін 7 бұзушылықты анықтаған.

134 тонна қазақстандық өнім кері қайтарылды

Пайдалануға қауіпті деп танылған 134 тонна өсімдік өнімі Челябіден Қазақстан аумағына қайтарылды. РФ ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметі осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

9-15 қыркүйек аралығында Қазақстан мен Қырғызстаннан барған тауарлар Троицк маңындағы "Бугристое" өткізу бекетінде тексерілген. Нәтижесінде Россельхознадзор қызметкерлері Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ фитосанитарлық талаптарына сай келмейтін 7 бұзушылықты анықтаған.

Көрші елге 112 тонна бұрыш, 2 тонна ащы бұрыш, сондай-ақ қауын-қарбыз жеткізілген. Бірақ тауар құжаттары Федерацияның өсімдіктер карантині туралы заңнамасына қайшы келген.

"Сондықтан, тасымалдаушыларға айыппұл салынып, тауарлар Қазақстан аумағына қайтарылды",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу