135,2 мың кәсіпкерлік субъекті Ashyq жобасына қосылған

697

Бір айдың ішінде Аshyq жобасына қатысушылар саны 6,7 мыңға артқан.

135,2 мың кәсіпкерлік субъекті Ashyq жобасына қосылған Фото: Максим Морозов

2021 жылғы қазанда Ashyq жобасына тағы 6,7 мың кәсіпкерлік субъекті қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰКП сайтына сілтеме жасап.

18 қазандағы деректерге сәйкес 135,2 мың кәсіпкерлік субъекті өз нысанында Ashyq жобасын қолданады. Қыркүйекпен салыстырғанда жоба қатысушыларының саны тағы 6,7 мың бірлікке артып, 128,5 мың объектіні құрады.

Әр екі апта сайын Ashyq жобасына қатысушылар арасында ведомствоаралық комиссияның шешімімен жоба лидерлері және аудсайдерлері анықталады. Алматы қаласында – 479 лидер және 8,9 мың аутсайдер анықталды. Нұр-Сұлтан қаласында – 273 лидер және 4,8 мың аутсайдер, Түркістан облысында 37 лидер және 4,6 мың аутсайдер анықталды.

Соңғы жеті ай ішінде карантин режимін 105 мың қазақстандық бұзған. Ashyq қосымшасы арқылы карантин режимін бұзушылар 2021 жылдың 12 сәуірінен бастап тіркеле бастады.

Жеті ай ішінде "қызыл" статуспен 77,8 мың адам, "сары" статуспен 27,5 мың адам анықталды.

Айта кетсек, "Ashyq" – қоғамдық орындарда келушілерді тіркеу қосымшасы. Қоғамдық орынға кіреберісте пайдаланушы арнайы qr-кодты сканерлеп, оны әкімшіге көрсетеді. Код келушінің статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР-зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Сovid-19-ті бақылау орталығы ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады.

 "Қызыл" түс егер адам ПТР-тестін тапсырып, оң нәтиже шықса беріледі. Осы статустың иесіне үйде оқшаулану режимін қатаң ұстану керек.

"Сары" түс науқас адаммен байланыста болған адамдарға беріледі. Оларға азық-түлік немесе үй жанындағы дәріханаға баруға рұқсат етіледі, бірақ басқа нысандарға баруға тыйым салынады.

"Көк" түс ПТР-тестілеу тапсыру міндетті орындардан (мысалы, әуежай) басқа барлық жерге бару рұқсат.

"Жасыл" түс жүріп-тұруға толығымен рұқсат беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу