136 вокзал толықтай Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді - Жеңіс Қасымбек

939

47 вокзал тиісті техникамен жабдықталған. Алдағы бесжылдықта 71 теміржол вокзалын реконструкциялау мен салу және 263 вокзалда жолаушылар платформаларын жөндеу жоспарланып отыр.

136 вокзал толықтай Ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілді - Жеңіс Қасымбек

Алдағы бес жылда 71 теміржол вокзалы жаңғыртылады, жаңа вокзалдар салынады, деп хабарлайды ИДМ баспасөз қызметі.

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, Теміржол саласында жолаушыларға қызмет көрсетудің Ұлттық стандарттары және Жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау қағидалары қолданыста бар. Олардың аясында мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тиісті жағдайлар жасалуда.

"Бүгінгі күні, 136 вокзал толықтай Ұлттық стандарт талаптарына (қолданыстағы 302 вокзалдан) сәйкестендірілді. 47 вокзал тиісті техникамен жабдықталды. Алдағы бесжылдықта "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" Акционерлік қоғамының күрделі жөндеу жұмыстары жоспарының аясында 71 теміржол вокзалын реконструкциялау мен салу және 263 вокзалда жолаушылар платформаларын жөндеу жоспарланып отыр", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, теміржолдың түрлі бағыттары бойынша 22 бағдардың құрамында жүріп-тұруы шектеулі адамдарға арналған 33 бірлік арнайы купе вагондары бар. "Тұлпар-Тальго" пойыздарында арнайы орындарға арналған 70% көлемінде жеңілдіктер белгіленген.                  

"Қазақстан Республикасының "Автомобиль көлігі туралы" Заңда жалпы пайдаланымдағы көлікті мүгедек жолаушылардың отырып-түсуіне арналған құрылғылармен жабдықтау туралы талабы белгіленген. Автобустар жаңарған сайын қоғамдық көлікте жүріп-тұруы шектеулі тұлғаларға қолайлы болады", -деді министр.      

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көліктік қызметтерді көрсету үшін республиканың 20 қаласында арнайы такси қызметі жұмыс істейді. Барлық арнайы такси қызметтерінің автопаркінде 183 машина бар.

Министрлік әуе көлігі саласына жеке пайдалануға арналған зембіл мен мүгедек арба-кресло ретінде әуе көлігінде тегін тасымалдауға жататын жолаушыларды, жүктерді тасымалдау Ережесіне өзгерістер енгізді. Сондай-ақ, министрлік ұшу кезінде жауапкершілік туралы декларацияға қол қою жөніндегі әуе компаниялардың талаптарын алып тастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу