137 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды

671

Ел аумағына 12,4 мың тонна өнім кіргізілген жоқ. 

137 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстанда шегірткенің таралу ареалы 3,3 есеге азайғанын айтты. 

"2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдеріне және карантиндік объектілерге қарсы 3,8 млн гектар алаңға, оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы 514 мың гектар алаңға, сондай-ақ карантиндік объектілерге қарсы 19,5 мың гектар алаңға қорғаныш іс-шаралары жүргізілді. Дер кезінде қабылданған шаралар шегірткелердің таралу ареалын 3,3 есеге азайтуға мүмкіндік берді", – деді министр.

Сапархан Омаровтың сөзінше, өткен 9 айда өсімдіктер карантині саласында 3 082 ереже бұзушылық анықталды. Осыған байланысты 137 млн теңге әкімшілік айыппұл салынды, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,7 есе көп.

"Міндетті карантиндік фитосанитариялық талапқа жауап бермейтін 12,4 мың тонна карантинге жатқызылған өнім әкелудің жолы кесілді, бұл өткен жылдың cәйкес кезеңіне қарағанда 41,8% артық", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу