138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам портал арқылы көмек алды

446

Бұл туралы Еңбек министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам портал арқылы көмек алды Фото: google

Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 107,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын 6,1 мың – ымдау тілі қызметін, 25 мың – жеке көмекшінің қызметін алды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 849 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 378 ОТҚ жеткізуші, 26 мыңнан астам жеке көмекші, 685 ымдау тілі және 105 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін жеткізуші тіркелген.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Айта кетсек, мүгедектігі бар адамдарға берілетін оңалту құралдары – протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар.

Порталды пайдалану бойынша кеңес алу үшін қолдау байланыс орталығына, яғни 1414 бірыңғай нөміріне хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу