14 адамның атынан несие алған әйел ұсталды

655

Қарағанды облысында алаяқ әйел 14 ауыл тұрғынының атынан несие рәсімдеп алған, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

14 адамның атынан несие алған әйел ұсталды

7 ақпан күні Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне 61 жастағы ауыл тұрғыны жүгінген. Белгісіз біреу оған банктердің бірінде 500 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген. Бұл туралы тұрғын банктен қоңырау шалып, қарызды жабуды сұрағанда ғана білген. 

Мамыр айының ортасында атқарылған жұмыстармен ауданның криминалдық полиция қызметкерлері Жаңаарқа ауданының 28 жастағы тұрғынын анықтады. Жұмыссыз әйел "кредит алуды" кәсібіне айалдырып алған. Оның тағы 13 ауыл тұрғынына 15 млн теңгеге жуық несие рәсімдегені белгілі болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу