Мереке қарсаңында жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат жаппай көбейеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Осы сәттегі қарбаласты интернет-алаяқтар да өз пайдасына жаратып, жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер арқылы тұтынушыларды алдауға тырысады.
"Романтикалық тосынсый қаржылық шығынға немесе көңіл күйдің бұзылуына айналмас үшін қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды", – деп ескертеді ҚР ІІМ.
ІІМ мына ережелерді қатаң ұстануға кеңес береді:
- тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз;
- әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
- шектен тыс төмен баға ұсынылса, абай болыңыз – бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;
- сатушыдан тауардың нақты бар екенін растауды сұраңыз;
- бейнеқоңырау арқылы тауарды, сондай-ақ дүкеннің нақты мекенжайын көрсетуді өтініңіз. Алаяқтар көбіне мұндай талаптан жалтарып, оның орнына геолокация немесе өңделген фото жібереді;
- төлем жасау кезінде сақ болыңыз: ақшаны жеке шоттарға немесе күмәнді төлем жүйелеріне аудармаңыз;
- жеке деректеріңізді қорғаңыз. Бөгде адамдарға ешқашан парольдерді, SMS-кодтарды, CVV-кодты және банк картасының толық мәліметін бермеңіз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу