БҒМ: 14 ақпаннан бастап оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

1261

Бүгінде толық вакцина алған оқушылардың білім ордасына барып оқуға мүмкіндігі бар. 

БҒМ: 14 ақпаннан бастап оқушылар дәстүрлі форматта оқиды

Биыл 14 ақпаннан Қазақсанда барлық оқушы мектепте оқиды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай шешімді COVID-19 вирусының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдаған.

"Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысында толық офлайн оқу форматына көшу мәселесі қарастырылды. Нәтижесінде, 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық сынып оқушысы дәстүрлі оқыту форматына ауысады", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін ВАК-тың шешімі бойынша биыл 24 қаңтардан бастап 600 балаға дейін оқитын мектептер толық офлайн оқу форматына ауысты, ал оқушысы 600-ден асатын білім ордаларында сабақ офлайн форматта (тек 1-4 сынып оқушылары үшін) өткізілді. 

5-11 сынып оқушыларына қатысты мектеп әкімшіліктеріне ата-аналардың балаларды дәстүрлі форматта оқыту туралы өтініштерін ескеру ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу