14 бала асырап алған анаға "Бауырмал" сыйлығы табыс етiлдi

1117

14 бала асырап алған анаға "Бауырмал" сыйлығы табыс етiлдi

Оңтүстiк Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында 14 бала асырап алған алтын жүректi анаға "Бауырмал" сыйлығы табыс етiлдi, деп хабарлайды okg.kz.

Түймегүл Ергешқызы - ата-анасынан ерте айрылған 14 баланы асырап алып, қамқорлық танытып отырған алтын жүректi ана. Бауырына басқан балақайлардың ұлттары да әртүрлi. Бiреуi орыс, бiреуi өзбек, ендi бiрi кәрiс... Көпшiлiгi қазақтың қаракөздерi.

"Өмiр осынысымен маңызды, мағыналы. Өзiм балажанмын. Жетiм балалардың бiреудiң қолына жәутеңдеп қарап жүргендерiне жүрегiм ауырады. Шыдай алмаймын. Сондықтан бала асырап аламын деген шешiмге келдiм. Бiрiн дүниеге келе салысымен қолыма алсам, ендi бiрiн 1,5 жасында, бiреуiн ес бiлер ересек шағында қамқорлығыма алдым", – дейдi Түймегүл.

Балалардың жаттығу жасауына, сабақ оқуына, бос уақыттарын тиiмдi өткiзуiне, демалуына арнайы бөлмелер жасалған. Қажеттi жиһаздармен жабдықталып, көрнекiлiктермен қамтамасыз етiлген. Аулада бүлдiршiндер үшiн ойын құрылғылары орнатылған.

"Өзiм көпбалалы отбасынан шыққанмын. 14 бала едiк, әкемiзден ерте айрылдық. Үйдiң үлкенi болғандықтан, сiңлiлерiм мен iнiлерiме қамқор болып, ата-анама қолғабыс еттiм. Бәрi бiлiм алды, өсiп-өндi, қазiр өздерiнiң отбасы бар. Кейiн бұл игi iсiмдi жалғастыруды ойладым. 38 жасымда алғашқы сәбидi құшағыма бастым. Сонымен, уақыт өте келе ұл-қыздарымның қатары 14-ке жеттi. Балалар үйiне барсам көңiлiм босайды. Барлық балаларды асырап алғым келiп тұрады", – дейдi қамқор жан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу