14 елдің мәдени мұрасы ұлықталды

295

Астанадағы "Мирас" халықаралық мектебінде түрлі ұлттардың мәдениеті дәріптеліп, салт-дәстүрлер ұлықталды. 

14 елдің мәдени мұрасы ұлықталды Фото: видео скриншот

Ұлттардың мәдениаралық таныстырылымы күні атауымен өткен шарада 14 елдің ерекшелігі көрсетілді. Мерекенің ұйымдастырушылары мен басты қатысушылары - мектеп оқушылары. Дәстүрлі шараға еліміздегі елшіліктердің өкілдері мен ата-аналар арнайы шақырылған. 

"Қазақстан көпұлтты мемлекет ретінде осы елде бейбіт өмір сүріп жатқан этностардың мәдени-рухани құндылықтарына құрметпен қарайды. Мектеп оқушыларының осы идеологияны жалғағанына қуаныштымын. Бұл елдегі ұлттар достығын одан әрі бекіте түседі. Оқушыларға алғысым шексіз. Олар барлығын жақсы ұйымдастырған. Көрмеде біздің еліміздің мәдени мұрасы, салт-дәстүрі ерекше әспеттеліп, дәстүрлі тағамдарымыз көрмеге қойылған екен", - дейді Қазақстандағы Беларусь Республикасы елшілігінің бірінші хатшысы Екатерина Шелегова.

Жиырма бірінші рет өткен шарада оқушылардың қолөнер бұйымдары мен түрлі дәмдер көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынып, сахналық қойылымдар көрсетті. Іс-шараның басты мақсаты  ұлттар достығы мен бейбітшіліктің маңыздылығын дәріптеу. Әр елдің салт-дәстүрі мен мәдени құндылығын, рухани қазынасын қастерлеуді үйрету. "Мектеп оқушылары жас та болса бұл үдеден шыға білді", - дейді ұстаздар.

"Әр жыл сайын бір мемлекетті ұсына бермейміз. Былтыр бөлек мемлекет болса, биыл басқа мемлекет. Сол мемлекеттің салт-дәстүрін, мәдениетін, киім киіс үлгісін, тамағын балалар арнайы зерттейді. Бұл әр жыл сайын бір мемлекетті тану. Сондай-ақ ұлтаралық достықты қалыптастыру. Қазақстанды таныту", - дейді "Мирас" халықаралық мектебінің қазақ тілі жөніндегі координаторы Дария Расул.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу