14 елдің туристері үшін Еуропаға кіруге рұқсат етілді

707

Қытай өз тарапынан Еуропалық одақ азаматтары үшін шекараны ашуға дайын екенін растаса, тізімге 15-ел боп қосыла алады. 

14 елдің туристері үшін Еуропаға кіруге рұқсат етілді

Еуроодақ 1 шілдеден бастап 14 елмен шекарасын ашады. Алайда бұл тізімге вирус өршіп тұрған Ресей мен АҚШ енбеген. Қазақстан да жоқ, деп хабарлайды Atameken Business.

Ал Қытай өз тарапынан Еуропалық одақ азаматтары үшін шекараны ашуға дайын екенін растаса, тізімге 15-ші ел боп қосыла алады. Әзірге тізімде: Алжир, Аустралия, Канада, Грузия, Жапония, Черногория, Марокко, Жаңа Зеландия, Руанда, Сербия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Тунис және Уругвай бар. Дегенмен, кәрі құрлық елдері елдері аталған мемлекеттермен шекараны бір мезгілде және дереу ашуға міндетті емес. Өйткені бұл тізім заң жүзінде міндеттелген құжат емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу