14 елге әуе рейстері қалпына келтірілген

818

Карантиндік талаптар жұмсарғаннан бастап, Қазақстан 35 бағыт бойынша халықаралық рейстерді біртіндеп қалпына келтірген. 

14 елге әуе рейстері қалпына келтірілген

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

14 елге рейстер біртіндеп қайта ашылған: Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Мысыр, Ресей, Грузия, Тәжікстан, Мальдив аралдары, Шри-Ланка.

Ал ішкі рейстер 45 бағыт бойынша ашық, аптасына 590 рейс орындалады.

Айта кетсек, Қазақстандағы авиакомпаниялар былтыр 5,5 миллион адамды тасымалдады, бұл пандемия кезіндегі рейстерді шектеуе байланысты 2019 жылмен салыстырғанда 36% -ға аз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу