14 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

769

Балқаш-Алакөл бассейнінің су айдындарында өткен "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 262 браконьерді ұстады. Олардан 326 шақырымдық тыйым салынған балық аулау желісі, 33 моторлы қайық, 8,5 тонна балық және балық өнімдері тәркіленді.

14 іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораздың мәлімдеуінше, анықталған фактілерге қатысты сотқа дейінгі 14 тергеу ісі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережесін бұзғаны үшін 235 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Операцияға балық шаруашылығы қауымдастығының өкілдері, әуесқой балықшылар мен еріктілер қатысты. Осы топтың көмегімен Балқаш көлі мен Қапшағай су қоймасы құрылған аулар мен иесіз қалған аулардан тазартылды", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу