14 ителгі ұшпай қалды

961

14 ителгі ұшпай қалды

Алматы халықаралық әуежайында шекарашылар жүктерді тексеріп, жәшік ішінен Қызыл кітапқа енген ителгілерді тапты, деп хабарлайды 24.kz.

Ұшақ Катар астанасы Дохаға ұшуға тиіс болатын. Ұшаққа тиемек болған 3 ағаш қораптың ішінен анықтауыш сақиналары бүлінген 14 ителгі шықты. Себебі аңшылыққа пайдаланатын құстарды есептеу мен тіркеу жөніндегі заңға сәйкес олар алынбайтын сақиналар немесе шағын чиппен қамтамасыз етілуі керек. Құқық қорғау органдары мен ауыл шаруашылығының мамандары бұл істен хабардар. Анық-қанығын тексеріп, ителгіні кім алып өтпек болғанын нақтылап жатыр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу