14 қаңтарда сайлау өтіп, 20 сенатор сайланатын болады – Мәулен Әшімбаев

597

Сайлаудан кейін Сенатқа жаңа адамдар депутат болып келеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

14 қаңтарда сайлау өтіп, 20 сенатор сайланатын болады – Мәулен Әшімбаев Фото: egemen.kz

"14 қаңтарда сайлау өтеді. Осы орайда 20 сенатор сайланатын болады. Әр өңірден бір депутаттан келеді. Қазір 20 орынға 64 кандидат тіркелген. Демек, бір орынға 3 кандидаттан келіп тұр. Бұл өз кезегінде бәсекелестік бар екенін білдіріп отыр. Осы 64 кандидаттың арасында 30 пайызы әйел адамдар екені құптарлық үрдіс", - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап беріп.

Сонымен қатар ол сайлаудағы кандидаттардың арасында төртеуі қазіргі сенаторлар екенін айтты.

"Олар негізінен былтыр жаңадан құрылған облыстардан келген сенаторлар. Сол себепті Сенатқа жаңа адамдар депутат ретінде келетінін атап өткен жөн. Қоғамда қазір жаңа адамдарға деген сұраныс бар. Сондықтан Парламентке, Сенатқа жаңа адамдар келіп жатыр деп айтуға болады", - деді Сенат спикері.

Еске салсақ, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу