14 қараша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні

989

Қазақстанда қант диабетімен ауыратын 400 мыңнан астам науқас тегін дәрі-дәрмек алады. 

14 қараша Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні Фото: 24.kz

Соңғы 10 жылда елімізде қант диабетімен ауыратындар саны 2 есе өсті, деп жазады inbusiness.kz  Денсаулық сақтау министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда қант диабеті – елдегі ең қымбат әлеуметтік маңызы бар аурулардың бірі. 2021 жылғы наурыз - 2022 жылғы наурыз аралығында "қант диабеті" диагнозы қойылған диспансерлік пациенттерді амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар 29,3 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 36%-ға жоғары. Қант диабетін емдеуге арналған денсаулық сақтау жүйесінің шығындары үлкен", делінген ақпаратта.

 

Қант диабеті - ХХІ ғасырдағы денсаулық сақтау проблемаларының бірі.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, әлемде қант диабетімен ауыратын ересектердің саны соңғы 20 жылда үш есе өсті. Жалпы, әлемде қант диабетімен ауыратын 400 миллионнан астам адам бар. Елімізде де қант диабетімен ауыратын науқастар саны жыл сайын өсіп барады.  Соңғы 10 жылда елдегі пациенттердің саны 2 есе өскен.

1 шілдедегі ақпаратқа сәйкес, қант диабетімен динамикалық бақылауда 439 327 адам, оның ішінде 1 типті ҚД диагнозымен – 26  778 адам (21 989 ересек және 4 789 бала), 2 типті ҚД диагнозымен-412 549 адам (412 206 ересек және 343 бала) есепте тұрады.

"Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күні әлемде және республикада қант диабеті, оның салдары және ауруды емдеу мүмкіндіктері туралы қоғамның хабардарлығын арттыруға бағытталған", - делінген ақпаратта.

Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде 1 және 2 типті қант диабеті бар барлық пациенттер жеңілдетілген дәрілік препараттармен және медициналық бұйымдармен, оның ішінде инсулиндермен, тест-жолақтармен, инсулин пампаларымен қамтамасыз етілген.

Мамандар жылына бір рет қандағы қант деңгейін анықтап отырудың маңызды екенін ескертеді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу