14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылады

2249

Барлық өңірлерде бір мезетте сағат 11.00-де бір сағат шамасында диктант жазу басталады.

14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылады

Елімізде 14 қараша күні тұңғыш рет латын графикасы негізінде жалпыхалықтық диктант жазу ұйымдастырылады. Бұл туралы Достық үйінде "Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі" атты республикалық ғылыми-теориялық конференцияда ҚР мәдениет және спорт министрлігі тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Борашев мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Барлық өңірлерде бір мезетте сағат 11.00-де бір сағат шамасында диктант жазу басталады, - дейді Қуат Борашев. – Барлық аймақтармен онлайн байланыста боламыз. Сондай-ақ Қазақ радиосы арқылы тікелей эфирде таралады. EMLE.KZ сайтында студенттер мен жастар үйлерінде отырып диктант жаза алады. Біріншіден, бұл - Елбасының реформасына үн қосу. Екіншіден, халықтың назарын латын графикасына аударту".

Комитет төрағасы соңғы ұлттық комиссияның отырысында премьер-министр емле ереже туралы жалпы халықты құдақтандырып, жұмысты жандандыру бойынша жұмысты бастау туралы тапсырма бергенін атап өтті.

 "Қазіргі таңда республикалық тіл саясаты ғалымдары өңірлерді аралап, төрт бағытта жұмыс істеуде, - дейді  Қуат Борашев. – БАҚ арқылы төрт миллионға жуық адам хабардар болуы керек. Латын графикасына көшкен Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан халықтарының емле ережесіндегі жаңашылдық туралы тіл басқармаларының барлығына хаттар түсті. Жергілікті қоғам қайраткерлері мен ғалымдардан, тіл жанашырларынан ауылдарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуді сұраймыз. Себебі, республикалық топтың физикалық мүмкіндігі жоқ".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу