14 қазанда Күн сақина тәрізді пішінде тұтылады

571

NASA-ның YouTube-тағы ресми парақшасында 14 қазанда Күн тұтылатыны туралы бейнежазба жарияланды.

14 қазанда Күн сақина тәрізді пішінде тұтылады Фото: NASA

Биыл 14 қазан күні АҚШ-та күн тұтылып, "от сақинасы" Орегоннан Техасқа дейін жүріп өтеді. Сирек кездесетін құбылысты тікелей эфирден тамашалауға болады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

NASA-ның YouTube желісіндегі ресми парақшасында 14 қазанда Күн тұтылатыны туралы бейнежазба жарияланды. Осы күні Ай Күннің алдынан өтеді, бірақ Айдың көлемі кішкентай болғандықтан, Күннің бетін толық жаба алмайды. Сол себепті аспаннан от сақинасы тәрізді пішінді тамашалауға болады. Мұны "сақиналы тұтылу" деп те атайды.

Іргелес орналасқан 48 штаттың барлық тұрғыны Күннің тұтылуын көре алады.

"Ғалымдармен пікір алмасқыңыз келсе, елдің түкпір-түкпірінен келген телескоппен түсірілген суреттерді көргіңіз келсе – бізге қосылыңыз және #askNASA хештегін қолдана отырып, арнайы чат арқылы сұрақтарыңызды жіберіңіз", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу