14 қыркүйекте Apple жаңа гаджеттерін таныстырады

741

Төрт жаңа iPhone сатылымға шығарылады.

14 қыркүйекте Apple жаңа гаджеттерін таныстырады

Apple 14 қыркүйекте жаңа гаджеттерін таныстырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасап. 

Тұсаукесер онлайн форматта өтеді. Трансляция компанияның Купертинодағы штаб-пәтерінен жүргізіледі. Ол Apple-дің веб-сайтында, компанияның YouTube-тегі арнасында және Apple TV қосымшасы арқылы көрсетіледі.

Apple төрт жаңа iPhone-ды шығаруды жоспарлап отыр. Жаңа смартфондардың көлемі өткен жылы жарық көрген iPhone 12 гаджетінікімен бірдей болады.Бірақ биылғысы жетілдірілген камералармен жабдықталады. Сондай-ақ оларға A15 процессорлары қондырылады. Бұған дейін корпорация болашақ iPhone модельдеріне ұялы желілерді қамтымайтын аймақтарда жерсерік арқылы хабарламалар жіберу және төтенше жағдайларда қоңырау шалу мүмкіндігін қосуға ниетті екенін хабарлаған еді. 

Bloomberg агенттігінің дерегінше, жаңа гаджеттердің барлығы 14 қыркүйектегі тұсаукесер кезінде таныстырылмауы мүмкін. Өйткені Apple әдетте күзде бірнеше презентация өткізеді. Мысалы, өткен жылы компания екі айда үш тұсаукесер ұйымдастырған болатын.

Табиғат Нұрболат

Фото: gettyimages.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу