14 қыркүйекте ауа райы қандай болады?

412

Қазгидромет бейсенбі, 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

14 қыркүйекте ауа райы қандай болады? Фото: inbusiness.kz

Синоптиктердің мәліметінше, 14 қыркүйекте Қазақстанның көп бөлігінде найзағай соғып, жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр аралас қар жауады. Республика бойынша екпінді жел, тұман, бұршақ күтіледі.

"Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде - жоғары өрт қаупі сақталады. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары", делінген хабарламада.

Сондай-ақ, алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде жауын-шашынға байланысты судың ауытқуы байқалуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу