14 қызметкерге қайтыс болғаннан кейін құрмет көрсетілді

1054

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері міндеттерін мінсіз атқарады. Олар азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жолында жанқиярлыққа дейін барады. 

14 қызметкерге қайтыс болғаннан кейін құрмет көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин күні бүгінге дейін қанша қызметкер қызметтік борышын орындау барысында қайтыс болғанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Өкінішке қарай, тәуелсіздік жылдарында 54 қызметкерімізден көз жазып қалдық. Олар адам өмірін құтқару кезіндегі қысылтаяң шақта жандарын құрбан етті. Бүгінге дейін мемлекеттік қызметтегі жетістігі үшін 262 қызметкер Президенттен марапат алды. 14 қызметкерге қайтыс болғаннан кейін құрмет көрсетілді", – деді  Юрий Ильин.

Оның сөзінше, министрлік азаматтардың өмірін сақтап қалғаны үшін былтыр 39 қызметкерін марапаттады. Жыл басынан бері 25 қызметкерге құрмет көрсетілді. Сонымен қатар азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін мемлекеттік органдардың 26 өкілі марапатталды.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу