Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Наурызнаманың" жаңа концепциясы дайындалды.
Оның аясында қазақстандықтар еліміздің басты мерекесін 10 күн тойлайтын болады.
"Амал мерекесі" қауышу күні ғана емес, бұл ең алдымен – өмірді жаңа парақтан бастауға, өткенге разы болып, болашақты сеніммен қарсы алуға үндейтін мереке.
14 наурызда қонаққа бару, үлкендерге құрмет көрсету және бір-бірін көктемнің басталуымен құттықтау дәстүрге айналған. Көрісу күні – Наурыздың алғашқы хабаршысы және бізге дәстүріміз бен ортақ құндылықтарымыз біріктіретін бір отбасы екенімізді еске салады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу