14 наурыз референдум алдындағы үнсіздік күні

131

Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров айтты.    

14 наурыз референдум алдындағы үнсіздік күні Фото: zakon.kz

14 наурыз Қазақстанда Конституцияға қатысты референдум алдындағы үнсіздік күні. Бұл күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нұрлан Әбдіровтің пікірінше, үнсіздік күні ешқандай үгіт жүргізуге болмайды. Бұрын ілінген үгіт материалдары алынып тасталмайды, бірақ оларды таратуға немесе қайта жариялауға рұқсат жоқ.

 

Сонымен қатар, бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, референдум нәтижелеріне болжамдарды, референдумға байланысты өзге де зерттеулерді жариялауға болмайтынын айтты.

"Референдум күні дауыс беретін орындарда қоғамдық пiкiр туралы сауалнама да жүргізугі болмайды. 2026 жылдың 14 және 15 наурызы күндері үгiт жүргізгендер  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 102-бабы бойынша жазаланады", – деп хабарлайды Бас прокуратура.

 

Заң талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 102-бабына сәйкес, тыйым салынған кезеңде үгіт жүргізгені үшін:

  • жеке тұлғаларға – 15 АЕК (64 875 теңгe);
  • шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдарға – 20 АЕК (86 500 теңге);
  • орта бизнеске – 25 АЕК (105 825 теңге);
  • ірі бизнеске – 35 АЕК (148 155 теңге) айыппұл қарастырылған.

15 наурыз күні дауыс беру сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді.

Айта кетейік, бюллетеньде бір ғана сұрақ болады. Ол "Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу