Ауа райы болжамы: 14 өңірде ескерту жасалды

155

Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Ауа райы болжамы: 14 өңірде ескерту жасалды Фото: Уральская неделя

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Шымкентте кей уақыттарда тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында тұман.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының солтүстігін, орталығын тұман басады.

Астанада кей уақыттарда тұман.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с-ке жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді..

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 17-22 м/с-ке жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу