14 жасар теннисші ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды

469

Елордада Қазақстанның қысқы чемпионаты мәресіне жетіп, 14 жасар теннисші ересектер арасында ел чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

14 жасар теннисші ересектер арасында Қазақстан чемпионы атанды Фото: inform.kz

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, әйелдер арасында астаналықтар – 15-тегі Альбина Кәкенова мен одан бір жас кіші Ариана Гогулина бас жүлдені сарапқа салды.

Ширек финалдан бастап Ариананың кездесулері тартысты өтіп, үш сетке созылды.

Финал да солай болды. Бірінші партияда Альбина 6:4 есебімен басым түсті. Одан кейін екі сетте А. Гогулина таразы басын аудара білді – 6:2, 6:2.

Осылайша, Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет 14 жасар спортшы ересектер арасында жеңімпаз атанды.

Қола жүлде Айя Мырзақұлованы 0:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан Әдемі Аманкелдіге бұйырды.

Ерлер арасында Тимур Мәуленов өз спорттық жолында бірінші рет ел чемпионы атағына қол жеткізді.

Ол финалда Арысланбек Айтқұловты жеңді – 7:5, 6:3. Қола жүлдеге Никита Сидоровты 6:4, 6:7 (8:10), 6:4 есебімен тізе бүктірген Тимур Хабибулин ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу