"14 жас кіші": МРТ-дан өткен Трамптың денсаулығы қандай екені белгілі болды

190

Дәрігер Трамптың денсаулық жағдайын жақсы деп бағалап отыр. 

"14 жас кіші": МРТ-дан өткен Трамптың денсаулығы қандай екені белгілі болды Фото: RT

АҚШ президенті Дональд Трамп МРТ-дан өткенін және оның қорытындысы қандай екенін айтты , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Иә, маған МРТ жасалды. Нәтижелері жақсы болып шықты", –деді Дональд Трамп. 

Ақ үй басшысы қазан айының басында Уолтер Рид атындағы ұлттық әскери-медициналық орталығында тексерілген. Бұл профилактикалық мақсатта жасалды ма, әлде қандай да бір медициналық себеп негіз болды ма – ол жағы белгісіз. Себебі Трамп МРТ-дан не үшін өткенін айтудан бас тартқан. 

Бұған дейін АҚШ президентінің дәрігері, Әуе-теңіз күштерінің капитаны Шон Барбабелла Дональд Трамптың денсаулығына қатысты құпияны ашқан болатын. Ол 79 жастағы Трамптың биологиялық жасы хронологиялық жасынан шамамен 14 жасқа кіші деп бағалаған.

"Президент Трамптың денсаулығы жақсы. Жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, неврологиялық және физикалық жүйелерінің қызметі бойынша көрсеткіштері жоғары", – деді дәрігер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу