14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады

954

Былтыр 50 адам терроризм туралы жалған хабарлама таратты.

14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады

Ішкі істер министрлігі экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуевтің мәлімдеуінше, соңғы 8 айда терроризм туралы жалған хабарлама таратуға қатысты 52 қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Былтыр 50 адам терроризм туралы жалған хабарлама таратты. Биыл осыған қатысты 52 адам ұсталды. 28 қылмыстық іс сотқа жолданды. 16 адамға қатысты үкім шығарылды", – деді Дархан Разуев.

Оның сөзінше, елімізде терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқаны үшін 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін (14,5 млн теңге) айыппұл төлеу көзделген. Бұдан бөлек осы көлемде түзеу жұмысына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қолданылады.

"Осы қылмысты жасағаны үшін 14 жасқа толған адамдар қылмыстық жауапқа тартылады. Мұны мектеп оқушылары білуге тиіс", – деді Дархан Разуев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу