14 жастағы қызын зорлап, жүкті қылған өгей әке сотталды

275

Павлодар облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өгей қызын зорлаған Ц-ға үкім шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

14 жастағы қызын зорлап, жүкті қылған өгей әке сотталды Фото: ecoavant.com

Сотталушыға Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-2 бөлімі 3-тармағымен айып тағылған.

Істің мән-жайын жария ету мүмкін болмағандықтан оқиға жабық сот отырысында қаралды.

Ц. өз кінәсін мойындап, қатаң жазаламауды сұрады.

Ц-ның кінәсі өз мойындауымен, жәбірленушінің, куәлардың сөзімен, сараптама қорытындысымен және сотта зерттелген өзге де айғақтармен дәлелденді.

Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Аса ауыр қылмыстың мән-жайын ескере отырып Ц-ға 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ Ц. педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу