14 жастағы оқушыларымыздың 54% -дан астамының цифрлы сауаттылығы төмен – Асхат Аймағамбетов

1329

Білім берудің барлық деңгейіне цифрлық құзырет енгізіледі.

14 жастағы оқушыларымыздың 54% -дан астамының цифрлы сауаттылығы төмен – Асхат Аймағамбетов

Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов цифрлы экономикаға қажетті адам капиталын дамыту үшін қандай шаралар атқарылып жатқанынын жариялады. 

"Дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында болашақта 10 жұмыс орнының 9-ы цифрлық дағдыларды талап ететіні атап көрсетілген. Сонымен бірге 2030 жылға қарай әлем бойынша кем дегенде 1 миллиардтан астам адамды қайта оқыту қажет болады. McKinsey-дің болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай цифрлы дағдыларға деген қажеттілік кем дегенде 55%-ға артады", – деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің мәлімдеуінше, еліміздегі "гаджетизацияның" жоғары деңгейі цифрлы дағдылардың жоғарылатпаған. ICILS зерттеуінше, 14 жастағы оқушыларымыздың 54% -дан астамының цифрлы сауаттылығы төмен. Ал PIAAC зерттеуінше, 6-34 жас аралығындағы азаматтардың тек әрбір 5-сі цифрлы дағдыны меңгерген. 

"Цифрлы экономикаға қажетті адами капитал тек қана цифрлы құзыреттілікті ғана қажет етпейді. Цифрлы экономикаға қажетті адами капитал үшін сандық құзыреттіліктікке қоса софт скилсті дамыту қажет. Ол дегеніміз функционалдық сауаттылық, сыни ойлау, креативтілік, оқу және талдай білуі", – деді Асхат Аймағамбетов.

Оның сөзінше, бұл бағыттағы шаралар 2016 жылы қолға алынып, мектептерге функционалды сауаттың дамуын көздейтін жаңа білім бағдарламалары енгізілген.

"Келесі оқу жылында барлық сыныптың жаңа бағдарламаға көшуін аяқтаймыз. Келесі қадам – білім берудің барлық деңгейіне цифрлық құзырет енгізу. Осыған орай біздің алдымызда келесі міндет тұр. Бірінші – ІТ саласының әлемдік стандарттарға сай мамандарын дайындау. Екінші –  басқа да сала мамандарын цифрлы құзыретпен қамтып оқыту және қайта даярлау. Үшінші – барлық азаматтарға базалық цифрлық сауат беру", – деді БҒМ басшысы. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу