14 жастағы павлодарлық Арулат nail-индустрияда топ жарды

503

Тырнақ әрлеуші шебер nail-индустрияда әлем чемпионы атанды.  

14 жастағы павлодарлық Арулат nail-индустрияда топ жарды Фото: azattyq-ruhy.kz

Павлодар облысының Екібастұз қаласында тұратын жасөспірім nail-индустрияда әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Арулат Мұхаметқали instagram-аккаунтында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Тырнақ әрлеу қызметінің 14 жастағы шебері қолдау білдірген ата-анасына, тәлімгеріне және облыс әкімдігіне алғыс айтты.

"Сүйінші! Достар, құттықтап қойсаңыздар болады, өз категориямда nail-индустриясының әлем чемпионы атандым. Қуаныштымын, ұйқысыз түндер бекерге кетпеді... Әрбір чемпионат өзімді шыңдауға және алға ұмтылуға мүмкіндік береді", – деп жазды жасөспірім.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов nail-стилисті жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруды, жаңа мақсаттар мен жеңісті күндер тіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу