14 жылдан бері баспана кезегінде тұрған мүгедектігі бар адам баспаналы болды

226

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астанадағы өкілі мүмкіндігі шектеулі жанға баспана алуға көмектесті. 

14 жылдан бері баспана кезегінде тұрған мүгедектігі бар адам баспаналы болды Фото: Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Астана қаласы бойынша өкілі елорда тұрғындарының бірімен кездесу өткізді. Арызданушының айтуынша, оның 1-топтағы мүгедек әпкесі 14 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Осы уақыт ішінде кезек тізімінде ешқандай ілгерілеушілік болмағандықтан, ол көмек алу үшін Омбудсмен кеңсесіне жүгінуге мәжбүр болды.

Омбудсмен өкілінің ұсынысымен өтініш беруші қажетті органдарға барды. Нәтижесінде мәселе шешіліп, әпкесі жақын арада баспаналы болмақ.

Арызданушы заң кеңесі мен мәселені шешуге көмектескені үшін өкілге алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу