140 миллион теңгеге тегін ем жүргізіледі

727

140 миллион теңгеге тегін ем жүргізіледі

Ағымдағы жылы тегін медициналық көмек көрсету үшін мемлекеттік бюджеттің шығыны 32 пайызға өсіп, 955,7 млрд теңге болады, деп хабарлайды ranking.kz. 

Соңғы бес жылда үш рет ұлғайған бұл сома 2019 жылы 1,1 трлн теңгеге жетеді.

Қазақстандағы бір адамға орта есеппен жылына 52 мың теңгеге тегін көмек көрсетіледі.

Ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында 140 млн теңгеге тегін ем жүргізіледі.  Біртіндеп ұлғайту арқылы 2018 жылы 331 млрд теңгеге жетеді, ал 2019 жылы 337 млрд теңге болады . 

Осы жылдың аяғында әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру қорына 662,2 млрд теңге түседі деп күтілуде.

Еске сала кетсек,1 шілдеден бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша, бағдарламаны жүзеге асыру басталады.

Сіз әлеуметтік сақтандыру қорына жарна аударған кезден бастап, қормен жасалған келісімшарты бар кез-келген Қазақстан Республикасының аумағындағы емхананы таңдауға мүмкіндігіңіз болады. Сақтандыруға қатысушы азамат ертінде Сіз МӘМС пакеті аясында және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (әрі қарай - ТМККК) пакеті аясында барлық медициналық қызметтерді қолдана аласыз. Тегін және жеңілдік жасалған дәрі-дәрмектің бекітілгент тізіміне сәйкес берілетін дәрілер және медициналық көмек Қордың есебінен төленетін болады. Бұның ішіне амбулаториялық-емханалық көмек және рецепт бойынша берілетін дәрілер, станционарлық және станционарлық алмастырушы көмек, сонымен қатар жоғарғы технологиялық медициналық қызметтер  кіреді. Бұдан басқа, медициналық сақтандыру ұзақ мерзімді медбикелік көмек, паллиативті көмек, ауыр ауру түрінен кейін қалпына келу және емдеуді жаңғырту қызметтерінің де шығындарын төлейтін болады. Дарі-дәрмекті Қорда фармацевтикалық қызмет көрстуші ретінде тіркелген кез-келген дәріханадан алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу