Талас ауданы прокуратурасы салық заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау нәтижесінде бюджетке төленуі тиіс салықтардың жасырылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Прокуратура мәліметінше, аудандық көпбейінді орталық аурухана мен ірі салық төлеуші кәсіпорын 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында нөлдік көрсеткішпен салық есептілігін тапсырған. Соның салдарынан 1300 қызметкердің әлеуметтік және жеке табыс салығы бюджетке аударылмаған.
Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты прокуратура прокурорлық ықпал ету актісін енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бұзушылықтар жойылып, мемлекет бюджетіне 140 млн теңге көлеміндегі салық төлемдерінің түсуі қамтамасыз етілді.
Прокуратура салық заңнамасының сақталуы мен бюджет кірістерінің уақытылы толықтырылуы тұрақты бақылауда екенін атап өтті.