1400-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады

1447

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің әскери ант беру рәсімдері өтуде.

1400-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады

Оңтүстік және батыс аймақтарының бірқатар әскери бөлімдерінде 1400-ден астам сарбаз әскери ант қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Қарулы Күштер қатары еліміздің түкпір-түкпірінен келген жасөспірімдермен толықты. Әскер қатарына жаңа қабылданған жас сарбаздар бір айлық қызмет кезінде жас жауынгер курсынан өтті, қызмет өткеретін бөлімшенің тарихымен және дәстүрлерімен, сондай-ақ техника мен қару-жарақтың тактикалық-техникалық сипаттамаларымен танысты, саптық, мемлекеттік-құқықтық және атыс даярлығының негіздерін үйренді.

Командирлер мен өз жолдастарының алдында әскери ант беру – әр азамат үшін толқитын сәт.

Салтанатты рәсімнен кейін мерзімді қызметтегі сарбаздар қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің элементтері бар қойылымдар көрсетті.

"Жыл сайын әскери қызметке келген жас толықтырулар бұрынғылардан ерекшеленеді. Сапта нағыз патриоттар тұрғаны байқалады, оларға Отан игілігі үшін қызмет ету абыройлы іс. Бұл тәуелсіз Қазақстанда өскен, өз еліне адал қызмет етуге дайын жастар", – деп бөлісті "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Ораз Күшіков.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің әскери ант беру рәсімдері жуырда "Астана", "Шығыс" өңірлік қолбасшылықтарында және Десанттық-шабуылдау әскерлерінде өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу