1400-ден астам ШОБ субьектілерінде карантин тәртібінің сақталуы тексерілді

552

184 заң бұзушылық анықталып, 54 айыппұл салынды.

1400-ден астам ШОБ субьектілерінде карантин тәртібінің сақталуы тексерілді

Әкімдік, СЭС өкілдері, еріктілер және полиция қызметкерлері карантинді сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау бойынша рейдтерді жалғастыруда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Көбіне кафелер, мейрамханалар, тамақтану орындары жұмыс уақытын үзіп тастайды. Әлеуметтік қашықтық сақтау бойынша ескертпелер бар. Сонымен қатар кейбір мекемелер ұжымдық іс-шаралар, туған күн, үйлену тойларын өткізіп, карантин тәртібін өрескел бұзады", - деді Алматы аудандық ТКҚСҚ бақылау басқармасы басшысы Гаухар Шапатаева.

Атап айтқанда, Алматы ауданында кезекті рейд барысында 6 нысанда заң бұзушылықтар анықталды.

Барлығы 23-29 қазан аралығында елорданың барлық аудандарында 57 рейд жүргізілді. 1400-ден астам ШОБ тексерілді. 184 заң бұзушылық анықталып, 54 айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу