1414 желісі арқылы тегін дәрі-дәрмекке қатысты ақпарат алуға болады

483

Ұялы және қалалық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін.

1414 желісі арқылы тегін дәрі-дәрмекке қатысты ақпарат алуға болады Фото: google.com

Бұл туралы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

1 маусымнан бастап 1414 операторлары азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу бойынша кеңес беретін болады. 

"1414 бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға МӘМС-ке жататын қызметтер түрі, оның ішінде тегін стоматологиялық ем алу мәселелері, сондай-ақ, тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер бойынша кеңес береді. Одан бөлек, қазақстандықтар медициналық ұйымға 1414 желісі арқылы шағымдана алады. Сондай-ақ, ХҚКО-ларда қызмет көрсету сапасы бойынша шағымдарды қалдырып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімдер бере алады" – делінген хабарламада.

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына тиесілі 1414 бірыңғай байланыс орталығы 1318 мемлекеттік қызмет бойынша кеңес көрсетеді.

"Біздің кеңесшілер азаматтарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық көмек алу бойынша мәселелері бойынша көмектесе алады. ӘМСҚ байланыс орталығының қызметін мемлекеттік корпорацияға бағыттау ұсынылатын ақпараттың қолжетімділігін, сапасын арттыруға әсер етеді деп ойлаймыз", – деді мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

Операторлар азаматтарға eGov.kz порталы, eOtinish жүйесі және ХҚКО қызметтеріне қатысты мәлімет ұсынады.

Айта кетейік, 1414 желісі бойынша ұялы және қалалық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін. Кеңес алу тәулік бойы жүргізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу