142 қаржы ұйымы 50 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады

1148

142 қаржы ұйымы 50 миллион теңге көлемінде айыппұл арқалады

Алматыда 180-ге жуық қаржы ұйымы жыл сайын өздеріне тиесілі міндетін атқармайды. Заңда көрсетілгендей, қаржы мекемелері әр жылдың 31 тамызына дейін есеп беріп үлгеруі тиіс. Әйтсе де, бұл мәселе әлі күнге дейін сағызша созылып келеді, дейді қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаментінен. Соның кесірінен, депозитарийге қаржылық ұйымдардың толық мәліметі түспейді. Бұл ретте құзырлы орган уақытылы есеп өткізбеген ұйымдарға әкімшілік айыппұл қарастырған. Өткен жылы 850 қаржы ұйымының 142-сі 50 млн теңге көлемінде айыппұл арқалады, деп хабарлайды almaty.tv.

"Жалпы алғанда жыл сайын 150-ден 180-ге дейінгі қаржы ұйымдары депозитарийге уақытылы есеп бермейді. Қаржылық және аудиторлық есеп бермейді. Осының салдары департаменттің жұмысында сол қаржылық ұйымдар айыппұл салуға мәжбүрлейді. Осының салдарынан депозитарийге қаржылық ұйымдардың толық мәліметі түспейді", - деді  Қазақстан республикасы ҚМ ІМАК Алматы қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті жетекшісінің орынбасары Нариман Ботанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу