ДСМ: 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

502

Денсаулық сақтау министрлігінің 11.11.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпараты.

ДСМ: 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 606 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр",– деп жазылған ведомствоның бүгінгі хабарламасында.

Айта кетсек, шұғыл штаб өткен тәулікте індет жұқтырудың тағы 568 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Осылайша елімізде аталған ауруды жұқтырғандар саны 117904-ке жетіп отыр. Оның 108387-сі емделіп шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу