145 мың медициналық дәрі қобдишасы таратылады

1469

Бұл шара COVID-19 таралу қарқынын төмендету үшін қолға алынғалы отыр.

145 мың медициналық дәрі қобдишасы таратылады

Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралу деңгейін төмендету мақсатында биылғы жылдың маусымына дейін 145 мың медициналық дәрі қобдишасы табысы аз, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларға тегін жеткізілетін болады. Бұл туралы inbusiness.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Министрліктің хабарлауынша, медициналық дәрі қобдишаларын сатып алуға қаражат Азия даму банкінің гранты есебінен бөлінеді. Дәрі қобдишаларын БҰҰДБ арқылы сатып алу болжанып отыр.

"Жиынтықтардың құрамын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындады және оған термометрлер, маскалар, дезинфекциялық құралдар және стероидты емес қабынуға қарсы препараттар кіреді",– деп жазылған хабарламада.

Дәрі қобдишаларын тарату қалалық немесе аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне және ауылдық әкімдіктерге тапсырылмақ.

Министрлік бұл шара материалдық жағдайы қиын, атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың экономикалық жүктемесін азайтуға мүмкіндік бередң деп сенеді. Осылайша, маусымға дейін Қазақстандағы табысы аз отбасыларға 145 мың медициналық дәрі қобдишасы жеткізілетін болады.

Естеріңізге сала кетсек,, 2020 жылдың 10 шілдесінде ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы табысы аз отбасыларды коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дәрі-дәрмектермен және алғашқы медициналық қорғау құралдарымен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу