146 млрд теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылық анықталды

778

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджеттің игерілуіне жүргізілген аудит пен камералдық тексерудің алғашқы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

146 млрд теңге көлеміндегі қаржылық бұзушылық анықталды

"8 айда 5,3 трлн теңгенің 634 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды. Тексеру қорытындысына сәйкес 30 мың рәсім бойынша бұзушылық анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері оларды жою бойынша 29 мыңға жуық хабарламаны орындады. Жыл басынан бері 2198 аудиторлық іс-шара өткізіліп, 1 трлн 429 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 146 млрд теңгенің қаржылық бұзушылығы анықталды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін шамамен 2 мың ұсыным берілді", – деді министр.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу