15,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

477

1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 103,5 мың этникалық қазақ оралды.  

15,6 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды Фото: gov.kz

2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 15 637 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп жазады inbusiness.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (65,2%) Өзбекстаннан, 9,2% – Қытайдан, 8,8% – Ресейден, 8% – Түрікменстаннан, 4,8% – Моңғолиядан және 4% басқа елдерден.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (28,1%), Маңғыстау (16,3%), Түркістан (8,7%) және Жамбыл (6,1%) облыстарына, сондай-ақ Астана (9%),  Шымкент (6,9%) және Алматы (5,5%) қалаларына қоныстанды.

Биылғы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,6%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 26,7%-ды және зейнеткерлер 13,7%-ды құрайды.

Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 39%-ы орта кәсіби білімді, 43,1%-ы жалпы орта білімді және 1,9%-ының білімі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу