Ақтөбе облысында үш мыңнан астам бұрын сотталған адам полицейлердің бақылауында, деп хабарлайды аktobenews.kz.
Соңғы 7 айдың қорытындысы бойынша, бұрын сотталып қайта қылмысқа барғандардың саны 39%-ға төмендеген. Полицейлер бұрын қасақана қылмыс жасап, кейіннен бостандыққа шыққан ақтөбеліктердің әрекетін бақылауға алған.
Қазіргі таңда облыста учаскелік полицейлер бұрын сотталған 3 мыңнан аса ақтөбелікті бақылауда ұстап отыр.
Бұрын сотталған 119 ақтөбелік жұмысқа орналастырылды. 14 адам жаңа мамандық игерді. Дегенмен, мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан 15 ақтөбелік қайтадан түрмеге тоғытылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу