"15 қаңтар күні Алматыда жер сілкінісі болады": Сейсмолог болжам жасады

1719

Алдағы аптада Алматының сейсмикалық белсенді аймағында күшті жер сілкінісі күтілмейді. 

"15 қаңтар күні Алматыда жер сілкінісі болады": Сейсмолог болжам жасады Фото: Depositphotos

Бұл туралы ҚР ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков мәлімдеді. 

Оның айтуынша, Сейсмология институты апта сайын болжамның бірнеше түрін жасап, аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға береді.

10 қаңтарда болжамдық комиссия күрделі сейсмологиялық материалдарға сүйене отырып, 10 қаңтар мен 17 қаңтарды қоса алғанда, аптаның қысқа мерзімді кезеңіне қорытынды жасады.

"Қорытындыға сәйкес, Алматы сейсмикалық белсенді өңірінің аумағында эпидошағында 7 баллдан асатын күшті жер сілкінісі күтілмейді. Сондай-ақ бір жыл ішінде сейсмологтар осындай 52 қорытынды жасап, төтенше жағдайларды жою органдарына тікелей жібереді", - деді Нұрсәрсен Өзбеков Алматы қаласы бойынша департаментте өткен брифингіде.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде тараған "15 қаңтар күні Алматыда жер сілкінісі болады" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу