15 қаңтардағы саудада доллар күрт қымбаттады

124

Ұлттық банктің 15 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 530,24 теңге. 

15 қаңтардағы саудада доллар күрт қымбаттады Фото: inbusiness.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 529-533 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 531 теңге. Еуро 541-546 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 530 теңге, сатып алу құны – 533 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07-5,17 аралығында саудаланып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу