15 келі бақыт: Астанада Бірлік күніне орай ерекше акция өтті

201

Алматы ауданына қарасты "Жастар" саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Бауырсақ біріктіреді" акциясы өтті. 

15 келі бақыт: Астанада Бірлік күніне орай ерекше акция өтті Фото: Астана әкімдігі

Аталған іс-шара "Астана жастары" жастар ресурстық орталығының бастамасымен жүзеге асты. Мерекеге орай волонтёрлер тұрғындарға 15 килограмм бауырсақ таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Акцияның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностар арасындағы достық пен бірлікті еске салу.

"Адамдар тоқтап, күлімдеп, алғысын айтып жатты. Бірі балаларымен келді, енді бірі балалық шағы мен туған үйін еске алды. Біз жай ғана бауырсақ таратқан жоқпыз – жылылық пен өзара құрметке толы атмосфера орнаттық", – деді волонтёр Дана Такенова.

Айта кетейік, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Осы атаулы мерекеге орай елордада түрлі мәдени және спорттық шаралар – зияткерлік викториналар мен көрмелерден бастап, концерттер мен жүгіру марафондарына дейін өткізіліп жатыр

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу