15 көпбалалы отбасыға үй берілді

1390

Жаңаарқа ауданында меншікті баспана кілті табыс етілді. Бүгінде ауданда 80-ге жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр.

15 көпбалалы отбасыға үй берілді

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданындағы 15 көпбалалы отбасыға меншікті тұрғын үй кілті табыс етілді. Оларды аудан әкімі Юржан Бекқожин жаңа қоныстарымен құттықтады, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Бұл үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыларға берілді. Оларға республикалық бюджеттен екінші тұрғын үй сатып алуға қаржы бөлінді. Осылайша біз 15 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз еттік", – дейді Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Мұқанов.

Бүгінгі таңда Жаңаарқа ауданында 80-ге жуық адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу